Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің «Облыс әкімінің есебі мен қосымша баяндамаларды тыңдау жөніндегі» отырысының ХАТТАМАСЫ № 43/19


Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің«Облыс әкімінің есебі мен қосымша баяндамаларды тыңдау жөніндегі» отырысының

ХАТТАМАСЫ № 43/19

Ақтау қаласы14 ақпан 2019 жыл

Төрағалық еткен: Облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Е. Қырымқұлов.

Президиумда:Е.Л.Тоғжанов– Маңғыстау облысының әкімі;

С.Е.Қырымқұлов – Қоғамдық кеңес төрағасы

Қатысқандар: Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің 24 мүшесі, облыс әкімінің бірінші орынбасары Қраубаев Алихан Сұлтанмұратұлы және облыс әкімнің орынбасарлары: Бисақаев Өркен Серікқалиұлы, Сакеев Руслан Кенесарұлы, Қилыбай Нұрдәулет Игілікұлы, облыстың мәслихат хатшысы Трұмов Серікбай Өтелгенұлы, облыстық мәслихат депутаттары: Салманов Ахмет Өтегенұлы, Өрісбаев Аббат Жәнгірханұлы, Ақтау қаласының әкімі Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Салимов Жандос Нұржанұлы, экономика және бюджет жоспарлау басқармасының басшысы Әлібекова Марина Борисовна, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қалдығұл Серік Сырымұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Жанназарова Нұргүл Алмасқызы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тұяқов Бауыржан Орынбайұлы, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Төлетов Серікбай Құдайбергенұлы, «Маңғыстау облысының тұтынушылар құқығын қорғау» ҚҚ директоры Рафикова Никар Маликовна, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Қарасаев Нұрбек Қарасайұлы және БАҚ өкілдері.

КҮН ТӘРТІБІ:

«Маңғыстау облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөніндегі облыс әкімінің есебі(Отчет акима области о социально-экономическом развитии региона за 2018 год)

«Облыстық мәслихат хатшысының 2018 жылғы қызметінің есебі (қосымша баяндама)» (Содоклад секретаря областного маслихата)

«Облыстық Қоғамдық кеңес төрағасының 2018 жылғы қызметінің есебі (қосымша баяндама) (Содоклад председателя общественного совета области).

ТЫҢДАЛДЫ

«Маңғыстау облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөніндегі облыс әкімінің есебі» (Отчет акима области о социально-экономическом развитии региона за 2018 год)(Баяндамашы облыс әкімі Е.Л.Тоғжанов)

Баяндама қоса тіркелді – 18 бетте

«Облыстық мәслихат хатшысының 2018 жылғы қызметінің есебі» (Содоклад секретаря областного маслихата) (Баяндамашы облыстық мәслихат хатшысы С.Ө.Трұмов)

Баяндама қоса тіркелді – 3 бетте

«Облыстық Қоғамдық кеңес төрағасының 2018 жылғы қызметінің есебі» туралы (Содоклад председателя общественного совета области) (Баядамашы Қоғамдық кеңес төрағасы С.Е.Қырымқұлов)

Баяндама қоса тіркелді – 10 бетте

ҰСЫНЫСТАР

  • Ұсыныс Ж. Сүйіндіков: Құрметті отырысқа қатысушылар! Бүгінгі есепті баяндамаларды тыңдап, облысымыздағы көптеген жасалып жатқан игі істердің куәсі болып отырмыз.
  • Ендігі бір ұсынысым:
  • 1). 2018 жылдың қазан айында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының есебін тыңдаған болатынбыз. Ол кезде бірнеше өзекті мәселе көтерілген еді. Өкінішке орай, ол мәселе бойынша қандай іс-шаралар алынғанын білмейміз. Бұрынғы - ХГМЗ зауытты жекеменшік кәсіпкер сатып алған.Зауытты бұзып, қалдықтарының көзін құртқан. Қайда?қалай? Ең басты мәселе сол зауыт теритториясындағы экологиялық жағдайда. Радиоактивті қауіптілігі жоғары болуына байланысты, залалсыздандыру жұмыстарын шұғыл түрде қолға алу керек деп есептейміз. Арнайы мамандандырылған комиссия құрылып, егжей-тегжейлі зерттеу керек.
  • Жауап облыс әкімі Е. Тоғжанов: Бұл бұзылған зауыт теритториясында экологиялық сұрақтардың бары белгілі. Анықтау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сатып алған азамат қашқақтап жүрген көрінеді. Дегенмен, заң жүзінде барлығы сол азаматтың мойнында.
  • Ұсыныс О. Тоқжанов: Ералы Лұқпанұлы! Серікбай Өтелгенұлы! Сағын Ерқасұлы! Бүгінгі жасалған баяндамаларда өте үлкен мәселелер көтерілді. Облыста көптеген жұмыстар жасалған. Мен барлық есептер жақсы берілді деп есептеймін. Өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту барысы ұшаң теңіз дей, өте қарқынды дамып келеді.
  • Енді облыс әкімінеүш ұсыныс бар:
  • 1.Жаңаөзен қаласындағы КОС-тың жұмысы шұғыл түрде қолға алыну керек деп есептейміз. Қаланың халқына су жетіспеушілігі туындап отыр. Осы мәселеге аса назар аударуыңызды сұраймын.Ақтау қаласындағы КОС-тың жұмысы бітті, шүкір!
  • 2.Экологиялық жағдайлар өз шешімін тауып жатыр. Өзіңіз объектілерді қарап, риза болғаныңызды білемін. Алайда ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығына назар көп аударылмай жатқаны тағы бар. Осындай тағиғи мәселелерге байланысты 1немесе 2 жылдай уақыт «Экологияжылын» жариялаудысұраймын.Елімізде барлығы үшін де қажет болатын еді.
  • 3.Өткен жылы өткен Саммит кезінде көгалдандыруға біразқаражат бөлініп, 1 жылдық көктер отырғызылған болатын. Бұдан былай қаланы көгалдандыруға шөлге төзімді, көп жылдық өсімдіктерді отырғызуды қолға алса деген ұсыныс бар.
  • Сосын қалаға кіріп келе жатқанда 26-27 шағынаудан ішіндегі жаңакөп қабатты үйлердің жағдайы өте жаман көрінеді, үйлер қабырғаларын сырлап, жаңартуды сұраймын. Теңіз маңындағы жерлерді де әдемі қалыпқа келтіруді ұсынамын. Рахмет!
  • Ұсыныс С. Төрәлиев:Құрметті Ералы Лұқпанұлы! Сағын Ерқасұлы! Қоғамдық кеңес мүшелері! Бүгінгі баяндамаларды тыңдап, облыстың әлеуметтік - экономикалық мәселелері бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатқаны қуантады. Әлеуметтік саланы қарайтын болсақ біріншіден, жұмыспен қамтамасыз ету саласындағы 2020 - жол картасы бойынша жүргізіліп отыр. Облыста соңғы жылдар халықтың әлеуметтік жағдайына өзгерістер енгізіліп келеді, әсіресе білім, денсаулық сақтау салаларында оң нәтижелер байқалады. Денсаулық сақтау саласы программасы бойынша қызу талқыланды. Онкологиялық диспансердің құрылысы басталып, осы жылдың аяғына дейін қолданысқа берілуі жоспарланып отыр. Басқа да медициналық объектілер іске қосылса құба құп болар еді. Әрине денсаулық сақтау саласында проблемалар баршылық, оның ішінде ана мен бала денсаулығы мәселелері басты назарда болуы тиіс.
  • Осы орайда, медицина бойынша қоғамдық денсаулық ұйымдармен бірлескен комиссия құруды ұсынамын. Осыған қолдау көрсетуіңізді сұраймын.

ШЕШІМ

Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы күн тәртібінде қаралған мәселелерді талқылай келе, шешім етеді:

1. «Маңғыстау облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөніндегі облыс әкімінің есебі» туралы облыс әкімі Е.Л.Тоғжановтың баяндамасы; «Облыстық мәслихат хатшысының 2018 жылғы қызметінің есебі» туралы облыстық мәслихат хатшысы С.Ө.Тұрымовтың қосымша баяндамасы және «Облыстық Қоғамдық кеңес төрағасының 2018 жылғы қызметінің есебі» Қоғамдық кеңес төрағасы С.Е.Қырымқұловтың қосымша баяндамасы мақұлданып, қанағаттанарлық деп танылсын.

2. «Маңғыстау облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөніндегі облыс әкімінің есебі»; «Облыстық мәслихат хатшысының 2018 жылғы қызметінің есебі» (қосымша баяндама); және «Облыстық Қоғамдық кеңес төрағасының 2018 жылғы қызметінің есебі» (қосымша баяндама) қаперге алынсын.

3.Маңғыстау облысының әкімдігінен (Е.Л.Тоғжанов) «Маңғыстау облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасын» орындау барысында төмендегі ұсыныстарды жүзеге асыру:

- өлкенің ең қауіпті экологиялық проблемасы болып отырған «Қошқар ата» қалдық қоймасын залалсыздандыру жобасын іске асыру;

  • - Жаңаөзен қаласында су тапшылығын жою және көгалдандыруды молайту арқылы экологиялық жағдайын жақсарту үшін қалалық кәріздік тазарту құрылғысының ІІ кезеңінің құрылысын тездетіп аяқтауға ықпал ету;
  • -облыс аумағының экологиялық жағдайын жақсарту үшін алдағы бір календарлық жылды «Экология жылы» деп жариялау;
  • - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен дәрі-дәрмектің бағаларын тұрақтандыру мәселесін үнемі бақылауда ұстауұсынылады.
  • 4. Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңес хатшысы Ж. Алиеваға: Хаттаманы тиісті орган басшыларына жолдау және интернет ресурстарда жариялау қамтамасыз етілсін.

Қоғамдық кеңес төрағасы:С. Қырымқұлов

Қоғамдық кеңес хатшысы: Ж. Алиева