​Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің 26 сәуір 2019 жылы «Қоғамдық кеңестің Ақтау қаласы бойынша көгалдандыру мәселесіне қатысты» отырысының


Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің 26 сәуір 2019 жылы «Қоғамдық кеңестің Ақтау қаласы бойынша көгалдандыру мәселесіне қатысты» отырысының

ХАТТАМАСЫ №04/19

Ақтау қаласысағат 11:00де

Төрағалық еткен: Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы м.а. Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы.

Қатысқандар:

Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңестің белсенді мүшелері: Сүйіндіков Жаңабай, Төрәлиев сағыныш Көшербайұлы, Үсіпбаев Дайрабай Мамашұлы, Өтесбаева Римма, Сүгірбай Аят, Ахметова Жібек.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары - Әубәкіров Жанкелді Елеусізұлы, Ақтау жылу-су арнасы МКК мекемесінің бас инженері - Дүзмағамбетов Асқар Дәулетиярұлы, Ботаникалық бақ директоры - Иманбаева Ақжүніс Алтайқызы, «Қала жолдары» ЖШС экономист - Тәжібаев Зейнелбек, Маңғыстау облысының «МЖӘ» АҚ басшысы - Әлібеков Елдан Шарапатұлы.

Төрағалық етуші:

Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері және отырысқа қатысушылар!

Бүгінгі кеңес отырысының күн тәртібіне «Ақтау қаласы бойынша көгалдандыру» мәселесін жан жақты қарайын деп жиналып отырмыз.

Мәселе бойынша түсіндіріп өтейін. Бұл мәселенің негізі, алдыңғы Қоғамдық кеңестің құрамына «Қала жолдары» ЖШС-нен Ақтау қаласы әкімдігіне, облыс әкімдігіне, НұрОтан партиясына арыз түскен. Бұл мекемеде мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Мемлекеттік сатып-алу заңына байланысты көрсететін қызметтері санитарлық тазалық, көгалдандыру, қала жолдарын күтіп ұстау. Осы мекеме бәсекелестік ортаға беріледі. Соған байланысты мемлекеттік сатып алуды бір көзден алуға рұқсат берілмеген бір ақ жылда конкурс арқылы мекемелер сатып алады. Келесі жылы жалғастырмайтын болғандықтан, істеген қызметтері халықтың көңілінен шығып жатқан жоқ. Былтыр көгалдандыру бойынша біршама қызмет жасалды. Бірақ, сапалы болды деп айта алмаймыз. Қаланың өзі соттасып, өз наразылықтарын білдірді. Қоғамдық кеңес мүшелерін толғандыратын сұрақ. Осы қаланың тұрғыны ретінде қаламызда істелген барлық қызметке жауапты болатын мекеме құрылғанын қалаймыз. Қоғамдық кеңестің 13 желтоқсан 2018 жылғы №42/18 санды хаттамасында «Бүгінгі таңда қаламыздың санитарлық тазалығын уақытылы және сапалы жүргізуде осы мекеме 800 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ақтау қаласы бойынша жұмыссыздықты және әлеуметтік шиеленістерді тудырмау мақсатында «Қала жолдары» ЖШС-ның бұрынғы жұмыс жасап жатқан қызметкерлерге беру, Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты мекеме етіп қалдыру» ұсынылған. Мұны мәслихат депуттары да қолдаған.

Төрағалық етуші: Мәселе бойынша ақпарат беріп өту үшін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әубәкіров Жанкелді Елеусізұлына сөз беріледі.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ж. Әубәкіров: Бұл мәселеге өзім куәмін, хабарым бар. Біз негізі А.Қыраубаевтың қаулысына сәйкес, жұмысты осы мекемеге берейін деп жатқан кезде прокуратурадан хат келіп түсті. Онда жұмысты қайта беруге рұқсат етілмейді, жоспарды өзгертіп, тендерге беріңдер делінген. Жігіттерді митингіге Астанаға жібердік. Онда «Қала жолдары» ЖШС-не байланысты мемлекеттік коммуналдық мекемеге құжаттары сай еместігіне байланысты Ақтау қаласының әкімдігіне қарасты мекеме етіп қалдыра алмаймыз. Әрине бұл мекемені өзімізде қалдыруға бар ықпалымызды салып жатырмыз. Өкінішке орай, реті келмей тұр. Бұл жерде тек көгалдандыру ғана емес. Қаланың санитарлық тазалығы мен қала жолдарын күтіп ұстау да бар. Осының бәрін тендермен конкурс өткізу арқылы беруіміз керек.

Төрағалық етуші: Сіздердің пікірлеріңіз? Кімде қандай қосымша ұсыныстар болады?

Комиссия Төрағасы Жаңабай Сүйіндіков: Бұл мәселені шешу үшін заңға өзгеріс енгізу керек. Мәселені жан жақты зерделеп, ұсыныстар жинақтап, «Қоғамдық кеңестер» туралы заңына сай, Партаментке жолдайық. Қолымыздағы бар мүмкіндігімізді пайдаланайық. Немесе ботаникалық бақ ғылыми негізде Ақтауда өсірілетін ағаштар мен өсімдіктерді зерттеп, шығынын есептеп мемлекеттік жекеменшік әріптестік (ГЧП) арқылы тендерден жеңіп алған мекемемен келісіп, қаржыландырылып жұмыс жасауды ұсынамын. МЖС бізге бүкіл жұмыстың шығынын есептеп беруіңізді сұраймыз.

Мемлекеттік жекеменшік әріптестік АҚ-ның басшысы Елдан Әлібеков: Өз мекемесінің тарапынан келісуге болатын жағдайлары мен шарттарын түсіндіріп өтті.

Төрағалық етуші: Зейнелбек Тәжібаев қандай қосымша ұсыныстар болады?

«Қала жолдары»ЖШС экономисті Зейнелбек Тәжібаев: Мекеменің жұмысшылары жұмыссыз қалып, наразылық танытады деп қорқамыз. Сондықтан тез арада бұл мәселенің шешілуін сұраймыз.

Төрағалық етуші: Ақжүніс Алтайқызы, сізге сөз берсек.

Ботаникалық бақ директоры Ақжүніс Иманбаева: Заңға өзгеріс енгізунемесе МЖС арқылы болса да оған уақыт кетеді. Құжаттарды ретке келтіреміз деп жүргенде кәзіргі таңда қалада өсіп тұрған жасыл желектерді қуратып, жойып алу қауіпі тұр. Тездетіп осының алдын алуымыз керек. Конкурс дегеннің көзін құрту керек. «Қала жолдары» техникалық тапсырманы өзгерту керек. Ботаникалық бақ арқылы бұл жұмысты қолға алуға болады деп ойлаймын. Бізде мемлекетке қарайтын мекемеміз. Сондықтан, субподрядчик ретінде суаруды қала жолдарына беруге болады. «Обслуживание существующих насаждений научно практических основ сохраниение и охрана насаждений по городу Ақтау» деп берсеңіз оның ішіне суару да обработка мен күтіп ұстау да кіреді.

Төрағалық етуші: Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына ұсынылған мәселені тыңдап, талқылай келе:

Осы мәселе бойынша сараптама жасап, ұсыныс әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды ұсынамын. Бұл жердегі мәселе елдің игілігіне қызмет ету және ел арасындағы келеңсіз әңгімені тоқтату. Жиынға қатысқандарыңызға рахмет!

Жұмыс тобының құрамына: Сүгірбай Аят Исатайұлы (Қоғамдық кеңес мүшесі), Өтесбаева Римма Жылқыбайқызы (Қоғамдық кеңес мүшесі) , Тәжібаев Зейнелбек («Қала жолдары» экономист), Әубәкіров Жанкелді Елеусізұлы (Ақтау қаласы әкімінің орынбасары), Иманбаева Ақжүніс Алтайқызы (Ботаникалық бақ директоры), Әлібеков Елдан Шарапатұлы (МЖС басшысы) және Алиева Жанарай (Қоғамдық кеңес хатшысы) енгізілді.

Отырыс Төрағасы:Б. Жүсіпов

Отырыс хатшысы:Ж. Алиева