​Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңестің19 сәуір 2019 жылғы Мемлекеттік басқару органдарымен жұмыс, заңдылықтар мен құқық мәселелері жөніндегі комиссиясыныңкеңейтілген «Мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы» туралы отырысыны


Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңестің19 сәуір 2019 жылғы Мемлекеттік басқару органдарымен жұмыс, заңдылықтар мен құқық мәселелері жөніндегі комиссиясыныңкеңейтілген «Мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы» туралы отырысының

ХАТТАМАСЫ №03/19

Ақтау қаласысағат 16:00де

Төрағалық еткен: Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы м.а. Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы.

Қатысқандар:

Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңестің белсенді мүшелері: Сүйіндіков Жаңабай, Төрәлиев Сағыныш Көшербайұлы, Тоқжанов Орынбасар Әбдіұлы, Үсіпбаев Дайрабай Мамашұлы, Өтесбаева Римма, Сүгірбай Аят, Ахметова Жібек, Әбділов Оңайбек Нұрасылұлы, Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы, Жалғасбай Ғалия, Қалжанұлы Түменбай, Мамедов Байрам, Шакенова Дәметкен. Мәселе бойынша эксперт-Өрісбаев Аббат Жәнгірханұлы.

Маңғыстау облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-Әмір Досхан Досжанұлы, ҚР қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары-Садуақасов Тимур, Жер қатынастары басқармасының басшысы-Дүзмағамбетов Е.Д.,Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы-Құсбеков Д.Т., Дін істері басқармасының басшысы-Есбергенов Е.Ж., Еңбек басқармасының басшысы-Елдесов А., Ішкі мемлекеттік аудит департамент басшысы-Тұңғышбаев Р., Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары-Нұрмамедова Қ.,Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы-Жантаев Б., Денсаулық сақтау басқармасының мониторинг жүргізу бөлім басшысы-Шамшиев А., басқада мемлекеттік қызмет көрсететін басқармалар мен департаменттерінің мамандары, БАҚ өкілдері, ҮЕҰ, т.б.

КҮН ТӘРТІБІ:

1. «Мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы (Качество государственных услуг оказываемых государственными органами и их оценка населением)»;

2. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы цифрландыру (О цифровании государственных услуг)» туралы.

Төрағалық етуші:

Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері және отырысқа қатысушылар!

Бүгінгі отырысымыз тікелей эфирде Facebook желісіндегі «Қоғамдық кеңес» парақшасында online көрсетіліп отыр. Бұдан әрі Кеңес отырыстары осы форматта халықтың арасында жария әрі ашық түрінде өтетін болады.

Елбасының бекіткен әлеуметтік бағдарламалары мен халыққа қолайлы жағдай қалыптастыру бағыттарының орындалысын сараптау, халыққа қызмет көрсету тетіктерін жеткізу, түсіндіру мен қоғамның тарапынан тиісті ұсынымдарды енгізу үшін биылғы Қоғамдық кеңесте үш комиссия құрылды. Оған дейін комиссиялар тек екі бағытта жұмыс жасаған.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңестер тиісті органның қызметіне баға береді. Ұсынымдар ұсына алады. Қоғамдық бақылау мен сараптамажүргізеді.

«Мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы» туралы мәселе өте ауқымды болуына байланысты алдымен, денсаулық сақтау саласы және Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша құрылған жұмыс топтары сараптамалық жұмыстарын жүргізді. Себебі бұл салалар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер арасындағы ең көп қызмет көрсеткен мекемелер болып отыр. Жұмыс топ мүшелері қызмет сапасын арттыру мәселесі бойынша бірнеше кездесу өткізді. Бұл әрине бастамасы. Себебі, әрі қарай да бұл мәселелермен халыққа қолайлы, тиімді жағдай жасау мақсатымен ұдайы жалғасын таба береді.

ТЫҢДАЛДЫ

«Мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы» туралы Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Әмір Досхан Досжанұлының баяндамасы тыңдалды;

Қосымша баяндама тіркелді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы цифрландыру» бойынша ҚР қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлының қосымша ақпараты тыңдалды.

Қосымша ақпарат тіркелді.

Төрағалық етуші: Қоғамдық кеңес мүшесі-Сүгірбай Аят Ақтау қаласы әкімдігі арқылы жүзеге асатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша сараптамалық қорытындысымен таныстырды.

(А. Сүгірбай қорытындысы)

Қайырлы күн құрметті әріптестер!

Көтеріліп отырған мәселе бойынша жұмыс тобы өзінің жұмысын Ақтау қаласының әкімдігінен бастауды жөн көрдік. Себебі, облыс орталығы болғандықтан халықтың басым бөлігі Ақтау қаласында шоғырланған.

Бірінші тоқсанда қала әкімдігіндегі мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімімен біріге отырып, кеңесу кездесуін өткізген болатынбыз. Ол жерде қандай мақсатпен және қай бағытта жұмыс жасайтынымыз туралы талқыладық.

Қала әкімдігі өз тарапынан қалалық және Өмірзақ ауыл ауылы әкімдігімен бірлесе отыра мемлекеттік қызметтерді электронды, қағаз және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсететін қызметтерімен таныстырды.

Онда 10 мемлекеттік мекеме арқылы 67 мемлекеттік қызмет түрінен 4772 қызмет көрсетілген. Және олардың көрсеткіштерін атап айтты.

Былтырғы жылмен салыстырсақ құжаттық айналым көбейіп, электронды қызмет түрлері де өскен.

Жалпы электрондық жүйеде кеткен қателіктер бар. Кейбір қызметтер бір бірімен интограцияланбаған. Бұл жөнінде талқылап, нақты ұсыныстар жинақтайтын боламыз.

Бұл сала бойынша алдағы уақытта қалалық әкімдікпен тығыз жұмыс жасаймыз. Сол себепті әкімдіктерден ашықтықты, объективті болуларын және жұмысымызға кедергі келтірмейтіндей жағдай туғызып, біргелесіп жұмыс жасасақ деген тілегіміз бар. Біздің мақсатымыз халыққа кедергісіз қызмет көрсету сапасын жақсарту. Рахмет!

Төрағалық етуші: Қоғамдық кеңес мүшесі-Үсіпбаев Дайрабай денсаулық саласында көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша сараптамалық қорытындысымен таныстырды.

(Д. Үсіпбаев қорытындысы)

Құрметті төраға, қоғамдық кеңес мүшелері және жиынғақатысушылар!

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап көрсеткен болатын.

Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Сонымен бірге Мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты - азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау керек екендігін де ұмытпауымыз керек. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметте қағазбастылықтан арыла алмай келе жатқанымыз да рас. Осыған байланысты Мемлекет басшысы мен Үкімет ең әуелі рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігін, xалықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру, xалыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру жөнінде нақты тарсырмалар беріп отыр. Мемлекетіміздің мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, xалқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін. Міне, осы мақсатта қоғамдық кеңестің мемлекеттік басқару органдарымен жұмыс, заңдылықтары мен құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелерінен Денсаулық сақтау басқармасы саласында мемлекеттік қызмет көрсету түрлері мен сапасына сараптама жүргізу үшін арнайы топ құрылды.

Нәтижесінде осы сала бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің 2017 -2018 жылдар аралығына салыстырмалы түрде сараптама жүргізілді. Бүгінгі таңда xалыққа көрсетілетін 20 түрлі қызметтің алтауы электронды форматқа өткен. Олар:

-прикрепление (яғни, адамдарды өз мекен жайы бойынша бекіту).

-дәрігерді үйге шақыру

-дәрігердің қабылдауына жазылу

-медлицензия

-фармлицензия

-нарколицензия

Атап айтқанда, электронды және қағаздық формат түріндегі 2017, 2018 ж.ж көрсетілген қызмет түрлеріне қысқаша мәлімет бере кетсек:

Электрондық форматҚағаздық формат

2017 ж

2018 ж

2017 ж

2018 ж

684

385

63981

41223

49

29128

107091

20706

132

2 094 907

283416

225512

208

143

32

8

43

78

19

0

12

3

0

0

Осы кестедегі көрсеткіштерді сараптай отырып байқағанымыз,

- дәрігердің қабылдауына электронды түрде жазылу цифрының 2017 жылы 132 реттен 2 094.907 ретке дейін көтерілгендігі. Анықтағанымыздай, 2 094.907 рет электронды жазылудың 114 386-ы ғана үйден немесе смартфон арқылы жазылған екен. Қалған 1 980 521-і сол поликлиникалардағы қойылған Damu med аппаратының көмегімен және дәрігер екінші рет қабылдауға шақырғанда өз компьютерінен белгілеген азаматтардың бәрін электронды түрде жазылды деп есептей берген. Яғни, бұл дегеніміз жоғарыда айтқанымыздай xалықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмыстың жүргізілмей отырғандығын көрсетеді.

- псиxоневрологиялық анықтама, наркологиялық анықтама, туберкулезге қарсы мекеменің анықтамасы электрондық форматта беріліп отырса да, денсаулық сақтау министрлігінің компьютерлік жүйесіне қосылмағандықтан күні бүгінге дейін есебі алынбай және электрондық форматта беріліп отырғандығы көрінбейді.

Бұл дегеніміз мемлекетіміздің мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматқа өткізу саясатын жасанды түрде артқа тартып отыр деген сөз. Яғни,электронды қызмет көрсетудің 9 түрінің орнына 6-ы көрсетіліп отыр деген ақпарат берілуде.

Осы 20 түрлі қызмет түрін сараптай келе,

- стационарда жатқан аурудың медициналық картасынан үзінді (выписка) алуды электрондық форматқа өткізу туралы ұсыныс енгіземіз.

- портал арқылы операцияға кезекте тұрған аурулардың кезегін электронды форматқа өткізу туралы ұсыныс енгіземіз.

Бұл өз кезегінде азаматтар мен мемлекеттік қызмет көрсетушінің өзара тікелей байланысқа түспеуін қамтамасыз етер еді. Осылайша сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюдың әлемдік деңгейдегі тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, алдын алуға болар еді.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!.

Төрағалық етуші: Облыстық мәслихат депутаты, эксперт-Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлының эксперттік қорытындысымен таныстырды.

(А. Өрісбаев қорытындысы)

Ассалаумағалейкум жиынға қатысушылар!

Бүгін қоғамды өте өзекті мәселе көтеріліп отыр. Бұл мәселені әдеп кеңесінің төңірегінде де көтеріп жүрміз. Өткен жолы Бекмұрат Қыдырбайұлы бастаған жұмыс тобы мүшелері болып қалалық әкімдікке сараптама жұмыстарын жүргізуге барған кезде біраз қызмет түрлері бар екенін білдік.

Ұсыныс: қала әкімшілігіндегі бірінші қабатта орналасқан сервис орталығын дамыту, жұмысын жақсарту мақсатында open space есебінде пилоттық режимінде әкімнің орынбасары сонда отырып, қызмет көрсетсе деймін.

Ұсыныс: Электронды, мобильді қосымшалар алынатын қызметтерді халыққа бейнероликтер арқылы насихаттау керек. Сонда болашақта халыққа қызмет көрсету орталықтарының көптеп қажеті де болмас еді. Бұл туралы ақпаратты мектеп, университет қабырғасынан бастап жастарға үйрету, насихаттау арқылы қолайлы жүзеге асыруға болады.

Ұсыныс: Қала тұрғыны есебінде айтарым, халыққа қызмет көрсету орталығының жоғарғышағын ауданнан ашу қажеттілігі туындауда. Себебі халық көлікпен және балалы аналар балаларымен келеді. Ол жерде көлік тұрағы мен балалар ойын алаңы болуы қажет. Осы орайда, бюджеттің қаражатын үнемдеу мақсатында айтарым кезінде бюджеттің қаражатына прокуратуралық орталық салынып, ашылған болатын. Өкінішке орай, онда тұтынушы аз. Айына 4-5 адам барса да жақсы болар еді дейміз. Ол жерге бірнеше рет барғанбыз. Үлкен көлемдегі ғимарат. Жабдықталған. Ауласы да кең. Сондықтан қаражат құртпай, осындай ғимараттарды халыққа пайдалануға бергеніміз тиімді болар деген ойдамын.

Назарларыңызға рахмет!

Төрағалық етуші: Сіздердің пікірлеріңіз? Кімде қандай қосымша ұсыныстар болады?

Төрағалық етуші: 2-мәселе бойынша біздің комиссияның жұмысы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты болғандықтан осы агенттікпен тығыз жұмыс жасайтын боламыз. Себебі агенттік профессионалды түрде жұмыс жасайды. Біз дәл сондай деңгейде жеткізе алмауымыз мүмкін. Заңдылық негізінде көмек керек болса Сіздермен эксперт тарту арқылы біргелесіп жұмыс жасайтын боламыз. Табысты қызмет жасауға тілектестік білдіремін.

Төрағалық етуші: Олай болса жарыс сөзге көшуге рұқсат етіңіз.

Төрағалық етуші: Бүгінгі тырыстың тікелей эфирде өтуін ескере отырып, желі қолданушылардың ұсыныс-пікірлеріне тоқталып кетейік.

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Б. Бердібайұлы – Жаңаөзен қаласынан «АВТОЦОН» қызмет көрсету орталығын ашуды ұсынады. Меніңше өте дұрыс. Себебі облысымыздағы екі қала. Жыл сайын оның халқы көбейіп жатыр. Бұл мәселені қолға алған дұрыс.

Төрағалық етуші: Ахыт Ибатұлы- «Шетпе ауылынан халықтың жиі қолданатын банктердің банкоматтарын (қараажаттарын, кредиттерін алып-салу, аудару үшін) салуға болады ма?» - дейді.

Төрағалық етуші: Бұл сауалға Аббат Өрісбаев эксперт ретінде жауап бере кетсеңіз.

А. Өрісбаев - Әрине. Жергілікті әкімшіліктен халық мүддесіне қаражат қарастырылып, банкоматтар орнатуға болады.

Төрағалық етуші: Басқа ұсыныс пікір айтамын деушілер бар ма? Жоқ. Олай болса жарыс сөз тоқтатылсын деген ұсынысым бар.

Төрағалық етуші: Бүгінгі отырыста көтерілген мәселелер бойынша ұсыныс пікірлер ескеріліп, хаттамаға енгізіледі. Жиынға қатысқандарыңызға рахмет!

Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына ұсынылған мәселені тыңдап, талқылай келе:

1.мәселе бойынша:

1.1. «Мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы» туралы Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Әмір Досхан Досжанұлының баяндамасы қаперге алынсын.

2. Маңғыстау облысының әкіміне:

2.1. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма)ғимаратының санитарлық гигиеналық жағдайын жақсартуды немесе жөндеу жұмыстарын жүргізуді;

2.2. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін қызметкерлерді 1-қабатқа көшіруге немесе мүмкіндігі шектеулі жандардың медициналық комиссиялық тексерістен (мүгедектігі бойынша 1,2,3 және 4 топтарды тағайындау кезінде)осы ғимараттың 2-қабатында орналасқан ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментін және осы басқарманы жаңа ғимаратқа (29- ш/а орналасқан «Заветная мечта» тұрғын үй кешенінің 1-қабатына)немесе басқа ғимаратқа көшіру туралы жұмыстарды, яғни қолайлы жағдайлар жасау мәселесін қарастыруды;

3. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне:

3.1. Жеке және заңды тұлғалармен тоқсан сайын салықтық есептіліктерді тапсыру кезінде, азаматтардың көп шоғырлануын болдырмау үшін, яғни салықтық есептіліктерді толтыру, тапсыру бойынша түсіндіру жұмыстарын әлеуметтік желілер арқылы кеңінен насихаттап отыруды;

3.2. Азаматтардың жерге, автокөлікке және т.б. салықтары бойынша нақты ақпарат беретін тұлғаларды анықтап, арнайы терезелерге отырғызуды;

3.3. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың салықты есептілікті заңсыз сыйақыға тапсырып жүрген азаматтарды алдағы уақытта болдырмауды. Бұл үшін, өзіндік қауіпсіздік басқармасы арқылы тиісті жұмыстар жүргізуді;

4. Барлық қала және аудан әкімдеріне:

4.1. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша, Мемлекеттік сатып алуды тікелей жеке көмекшілермен жүргізу мәселесін қарастыруды;

4.2. Алдағы жылдарда Жаңаөзен қаласының тәжірибесі негізінде қала аудандардағы жұмыспен қамту бөлімдеріне жеке көмекшілермен тікелей келісім-шартқа отырып, жүзеге асыру мәселесін қарастыруды;

5. Ақтау қаласының әкіміне:

5.1. Облыстық мәслихат депутаты, Қоғамдық кеңестің эксперті А. Өрісбаевтың ұсынысы:

Ашықтықты қалыптастыру мақсатында, Ақтау қаласы әкімдігінің 1-қабатындағы сервис орталыққа Ақтау қаласы әкімінің жер саласы бойынша орынбасарын «Оpen Space» форматында орналастыру мәселесін қарастыруды;

6. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалына:

6.1. Облыс аумағында халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдеріне азаматтардың бармай, қызмет алуы бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізуге (оқыту бейнероликтерін жасауды);

7. Маңғыстау облысының полиция департаменті бастығына:

7.1. Жаңаөзен қаласының халық санын ескере отырып, Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының емтихан-тіркеу бөлімінің бір инспекторын (жүргізуші куәлігін беру және көлік құралдарын тіркеу бойынша инспекторы) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Жаңаөзен қалалық халыққа қызмет көрсету бойынша бөліміне орналастыру мәселесін қарастыруды;

2.мәселе бойынша:

8.1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы цифрландыру» бойынша ҚР қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлының қосымша ақпараты қаперге алынсын.

8.2. Құзырлы органның жұмысын жеңілдету мақсатында ай сайын онлайн режимінде есеп берілсін;

9. Хабарландыру ретінде төмендегі ақпарат қаперге алынсын.

Агенттіктің «Digital Agent» мобильдік қосымшасын және департаменттің +7 707 170 1424 сенім телефонын және «instagram», «facebook» (StopCorruption Mangystau) әлеуметтік желілеріндегі парақшалары арқылы өтініштерімен ұсыныстарын жолдауға болатыны мәлімет үшін хабарланады.

10. Мемлекеттік басқару органдарымен жұмыс, заңдылықтар мен құқық мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшелеріне мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша алдағы отырыста сәулет және қала құрылысы мен

11. Хаттаманың тиісті органдарға таратылуын қамтамасыз еті. Бақылау және Қоғамдық кеңестің интернет ресурсында жариялануы Қоғамдық кеңес хатшысы Ж. Алиеваға жүктелсін.

Отырыс Төрағасы:Б. Жүсіпов

Отырыс хатшысы:Ж. Алиева