Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің 19 наурыз 2019 жылғы «Қоғамдық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту» туралы отырысының


Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің 19 наурыз 2019 жылғы «Қоғамдық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту» туралы отырысының

ХАТТАМАСЫ №01/19

Ақтау қаласысағат 17:00де

Төрағалық еткен: Облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Құралбек Қошкелдіұлы Келжанов.

Қатысқандар: Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшелері.

Төрағалық етуші:

Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!

Бүгінге, облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын өткізу белгіленген болатын. Отырысқа кеңес мүшелерінің басым көпшілігі, яғни 34 мүшесінің 27-қатысып отыр. Отырысты ашуға өкілеттік бар. Дәлелсіз қатыспаған кеңес мүшелерінің себептері анықталатын болады. Олай болса, кеңес отырысын ашық деп жариялаймын.

Кеңес отырысының күн тәртібіне;

Бірінші: «Облыстық Қоғамдық кеңестің», «Экономика және бюджет», «Әлеуметтік» және «Мемлекеттік басқару органдарымен жұмыс, заңдылықтар мен құқық» мәселелері жөніндегі комиссияларының 2019 жылға арналған жұмыс жопарын бекіту туралы;

Төрағалық етуші:

Қадірлі әріптестер! Күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқыламас бұрын, баршаларыңызды наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, Қазақстандықтарға ынтымақ пен бірлік, тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, мәңгілік еліміздің тұғырын бекітуде толағай табыстар тілеймін!

Енді күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға көшсек.

Бұл, өткен аптада өткен комиссия отырыстарында кеңес мүшелері мен қоғам белсенділерімен ұсынылған 2019 жылда жасауға тиісті жұмыс жоспарымыздың жобасы.

Осыған орай, қоғамдық кеңестер туралы Заңдағы қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттерін, немесе оның қоғамдық бақылау саласындағы сан-салалы өкілеттіктерін бір жылдың ішінде іске асырып тастау мүмкін еместігін ескере отырып, биылғы жылға осы мәселелерді қою ұсынылып отыр. Жоспар жобасында қоғамдық мониторинг жүргізу, қоғамдық сараптама ұйымдастыру, қоғамдық тыңдау ұйымдастыру және жауапты мемлекеттік орган басшыларының жұмыс нәтижелері туралы есептерін қоғамдық кеңес отырыстарында және қоғамдық кеңес комиссияларының отырыстарында тыңдау сияқтынегізгі жұмыс әдістеріміз қамтылған. Қолдауларыңызды сұраймын.

Төрағалық етуші: Сіздердің пікірлеріңіз? Кімде қандай қосымша ұсыныстар болады?

Төрағалық етуші: Қосымша ұсыныс жоқ. Қарсы? Қалыс? Жоқ.

Жоспардың жобасын және ұсыныстарды ескере отырып, бекітуді ұсынамын. Дауысқа саламын. Қол көтерулеріңізді сұраймын.

Төрағалық етуші: Қарсы? Қалыс? Жоқ. Бірауыздан келісілді.

Отырыс хаттамасы Қазақстан Республикасы ақпараттық және қоғамдық даму министрлігіне, облыс әкіміне және тиісті орган басшыларына жолданатын болады.

Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысына ұсынылған мәселені тыңдап, талқылай келе шешім етеді:

ШЕШІМ:

1.Қоғамдық кеңестің және Қоғамдық кеңес комиссияларының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары толықтырулармен бекітілсін.

1.2.Қазақстан республикасы ақпараттық және қоғамдық даму министрлігіне, Маңғыстау облысы әкімі мен орынбасарларына және тиісті басқарма басшыларына Қоғамдық кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары жолдансын.

Төрағалық етуші: Қоғамдық кеңес отырысы шешімінің жобасына ұсыныс, толықтырулар болады ма? Дауысқа қоямын. Шешім қабылдансын деген кеңес мүшелерінің қол көтерулерін сұраймын.

Төрағалық етуші: Қарсы, қалыс жоқ. Шешім бірауыздан қабылданды.

Осымен күн тәртібіндегі мәселелер қаралып бітті.

1.Хаттаманың орындалысын бақылау және Қоғамдық кеңесінің интернет ресурсында жариялануы Қоғамдық кеңес хатшысы Ж. Алиеваға жүктелсін.

Тағыда Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Қатысқандарыңызға рахмет!

Қоғамдық кеңес төрағасы: Қ. Келжанов

Қоғамдық кеңес хатшысы:Ж. Алиева