​Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің«Ақтау қаласы бойынша салынып жатқан жаңа шағын аудандардың инфрақұрылым және әлеуметтік нысандармен қамтылу жайы туралы» отырысының


Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің«Ақтау қаласы бойынша салынып жатқан жаңа шағын аудандардың инфрақұрылым және әлеуметтік нысандармен қамтылу жайы туралы» отырысының

ХАТТАМАСЫ № 42/18

Ақтау қаласы13 желтоқсан 2018 жыл

Төрағалық еткен: Облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Е. Қырымқұлов.

Қатысқандар: Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық маслихат хатшысы Серікбай Өтелгенұлы Трұмов, Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов,Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныңбасшысы Марина Борисовна Әлібекова, Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармабасшысының орынбасары Лепес Бекжанов, Облыстық мемлекеттік сәулет құрылысы бақылауының басқармасыныңбасшысы Темірбек Тыйылұлы Асауов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Темірұлы Құсбеков, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының м.а. Нұрлан Базарбайұлы Орынбасаров, Ақтау қаласы бойынша төтенше жағдайларбасқармасыныңбасшысы Алмас Атапкелұлы Ысқақов, Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Ахметулаевич Алтаев, Облыстық ботаникалық бақ директоры А. Иманбаева және ҮЕҰ т.б.

КҮН ТӘРТІБІ:

  • 1.«Ақтау қаласы бойынша салынып жатқан жаңа шағын аудандардың инфрақұрылым және әлеуметтік нысандармен қамтылу жайы туралы» (О состоянии обеспечения социальными объектами и инфраструктуры новых строящихся микрорайонов города Актау)

ТЫҢДАЛДЫ

  • 1. «Ақтау қаласы бойынша салынып жатқан жаңа шағын аудандардың инфрақұрылым және әлеуметтік нысандармен қамтылу жайы туралы» Ақтау қаласы әкімі Ғалымжан Мұқырұлы Ниязовтың есебі тыңдалды.

Баяндама қоса тіркелді –24 бетте.

Облыстық мемлекеттік сәулет құрылысы бақылауы басқармасының басшысы Темірбек Тыйылұлы Асауовтың қосымша ақпараты: Негізі облыстық мемлекеттік сәулет құрылысы бақылауы басқармасы обьектінің ішіне кіре алмайды. Себебі, кәсіпкерлік кодекс бойынша, арыз - шағым түспесе кіруге де, маниторинг жұмыстарын жүргізуге де рұқсат жоқ. Қалалық архитектура бізге осындай заңсыз құрылыстар бойынша маниторинг жасап береді. Қазір электронды құжаттамаға ауысқалы бері, құрылыс салуға өтініш берушілер электронды түрде құжаттарын жібереді. Біз құжаттарын түгендеп хабарлама жібереміз. Ал, хабарлама алмаған өтініш берушілер, құрылыс жұмыстарын бастай алмайды. «Ниет строй» бойынша, әлеуметтік желілерде көтеріліп жатырған мәселетексеріле келе, құрылыс мекемесінің заңсыздықтары бар. Хабарлама алмай, құрылыс бастауының өзі заңсыз. Жобалық сметалық құжаттарын дайындамаған. 3-ші статья бойынша штрафын қарашада алған. Бұл мәселе бойынша тағы да қалалық әкімдік 1 ай жұмыстанатын болды.

Ақтау қаласының әкімі Ғ. Ниязов - 18-18а шағын аудан-19-19а және 16 шағын аудандарда республикалық бюджеттен ақша бөлінді. Соған байланысты су, жылу кәріс жүйелері кіргізіліп жатыр. Қәзіргі таңда мектепке баратын бала санының өсуіне байланысты мектептер жетіспейді. Осы мектептер бойынша 6 жоба жасақтап жатырмыз. 16 ш/аудан өздеріңізге белгілі кезінде 3 азаматқа бөлініп сатылып кеткен, енді олардан біз 4 гектар жерін мектеп салуғақайтарып алдық. 31-32-шығыс 1,2 ш/аудандарында мектеп салатын жерлер бар. Биылғы жылы эскиздарын бітіріп, келесі жылғы бюджетке ұсыныс берейін деп отырмыз. Жақын арада перенаталдық центрдің жанынан, 900 орындық мектеп саламыз. Ақшасы бөлініп тұр. Қаладағы тағы бір мәселе КСК деген мекемелерге байланысты. Қалада 70 шақты КСК бар.Ол жерде жеке кәсіпкерелер де, жеке кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер де бар. Өткен айда облыс әкімі Жаңаөзен, Ақтау қалаларындағы КСК басшыларымен кездесу өткізген болатын. 1 жылда 365 күн болатын болса, 1 жылда 360 арыз-шағым түскен екен. Демек шамамен күніне 1 арыздан түскен. Осы КСК жұмыстарын реттеу үшін Ақтау қаласының Қоғамдық кеңесі жанынан коммисия құрылып, ережесін бекітуде. Бұл үлкен шаруа болғандықтан, тек қалалық әкімдік пен Қоғамдық кеңес бітіретін шаруа деп айта алмаймыз. Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Сондықтан әр депутат өзінің учаскесіне қарай, бөліп алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін оларды да осы жұмысқатартып отырмыз. КСК-ға байланысты Елбасының тарапынан 2019 жылы жаңа заң шығады. Әрі қарай сол заңға сәйкес жұмыс жасаймыз.

СҰРАҚ-ЖАУАПТАР

Қоғамдық кеңестен құрылған жұмысшы топ жетекшісі О.Тоқжановтың сараптама жұмысының қорытындысы -Қалада құрылыс жақсы жүріп жатыр. Мұның бәрі қуантарлық жағдай. Жағалау өте жақсы жасалып, аяқталуға жақындады. Ғалымжан көп мәселенің басын аштыңыз. Енді мен қордаланып қалған кейбір мәселелер жөнінде айтқым келеді. Кәзір соңғы кезде салынып жатырған үйлер біріне бірі жалғасып жатыр. Жаңа шағын аудандарда да қарасаңыздар дәл солай. 3-ші ш/ауданда даүйлерді бұзып қайта салып жатқанда да автотұрақ, көгалдандыратын аймақты ешқандай ойлап жатқан адам жоқ.Тек коробкаларды салып жатыр. Енді, бұл жерде бір кездері Ленинградтық жобалаушылар78 жылы шөл далада керемет қала тұрғызғаны үшін мемлекеттік сыйлық алды. Ал 75 жылы халықаралық архитекторлар қоғамынан үлкен алтын медальды жеңіп алды. Осы дәстүр кейін кеңесүкіметі тараған соң, жалғаспай қалды. Негізгі себеп қалада өте жақсы архитектор болмағандықтан. Осыдан 6 жыл бұрын қалада бас жоспар жасалды, ол облысорталық ретіндеүкіметтің қаулысымен бекітілді. Енді одан дейін жақсы білетін архитектор болмады. Қалада детальный проект планировка дейтін жасалған жоқ. Әр бір шағын аудандарда бас жоспарға байланысты екжей-текжейлі жоспар жасалу керек. Онда барлық жағдай қаралып, әр бір шағын аудан бөлек-бөлек қалалық маслихаттың сессиясында бекітілу қажет. Осы күні бүгінге дейін жоқ. Бұл 30 жылдан келе жатқан дүние.Осы жерде кетіп отырған кемшіліктердің кесірінен бір бірімен сығылысқан қораптар салынып жатыр деуге болады. Өткен жылы Елбасы өзінің жолдауында айтқанындай қала сыртына жаңа ш/аудан салғыннан көрі, ескі шағын аудандарды қайта жөндеуден өткізіп, жаңартқан дұрыс әрі шығыны аз болар еді. Бұл сөздің өте жаны бар болатын. Себебі инфроструктура, жылу, су, тоқ, газды жаңадан өткізу қыруар ақша тұрады. Осымен біз бюджеттің ақшасын экономдар едік. Осы мәселеге көңіл аудару керек деп есептейміз. Бұрын градостроительный совет деген болатын. Онда барлық эскизді проекттер қаралып сонан соң салынатын. Қазір ол бар ма,жоқ па білмеймін? 32-34 шағын аудан арасындағы орталық жолдар детальный планировканың әлсіздігінен қисынсыз әрі бірі енді,бірі тар болып салынған. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолына да мән берілсе! 14 шағын ауданда өте тар салынған жаяу жүргінші жолының ортасында столб тұр. Ал,мына беті таулы төбе де екінші шеті авто жол. Сонда коляскамен немесе қолында жүгімен өтетін адам осы жерденқалай өту керек деп ойлайсыздар? Әрине машине жолға шығып барып, қайта жаяу жүргінші жолына түсуі керек болады. Ал, машина қағып кетсе, кім жауапты? Осы тратуарды кім жобалады? Халықтың қауіпсіздігін кім ойлайды? Қала құрлысында әкім архитекторға бағыну керек. Жоспар бойынша осы 14шағын аудандағы акиматтан теңізге төмен түсетін жол Тараз Шевченко ескерткішінен түсетін жолдан кейінгі 2-ші қалаға көрік беретін спуск керемет каскат болуы керек еді. Бұл спусктың көркін төмендегі бірнеше жылдан бері құрылысы бітпеген ғимарат көзге шыққан сүйел секілді, қаланың ұсқынын бұзып тұр. Ол жер ешқандай жекеменшікке берілмеуі тиіс деп есептейміз.Осыған байланысты бұл құрылысты тексеріп, бітпейтін болса, жер қала әкімдігіне қайтарылу керек.

Маман емеспіз. Бірақ жұмыс тобы құрылған соң мамандарды тартуға тура келді. Көп жұмыстар жақсы жасалып жатыр. Бірақ архитектураға баса назар аударуыңызды сұраймыз. Маңғыстауда құрылыс жобалау мекемелерінде архитектор маманы жоқ сияқты. Сондықтан қаламызда қалай болса солай коробкалар көбейіп барады.

Жасыл архитектураға байланысты айтатын болсақ. Қалада су жетіспейді. Сондықтан КОС-2 іске қосылды. Бұл да қоғамдық кеңес тарапынан берілген ұсыныстың бірі болатын. Оның суын қаланы көгалдандыруға пайдалану керек деп есептейміз. Тыңдағандарыңызға рахмет!

Ақтау қаласының әкімі Г.Ниязов - Сұрақтарыңыз орынды. Қала тұрғындары болған соң, бәріміздің де жанымыз ашиды. 3 шағын аудан бойынша өте дұрыс айтасыз. Ол жақта апаттық үйлер болған. Құрылыс компаниясы 2012 жылы сүрілген көне үйлердің орнына жаңа үйлер салу бойынша шешім қабылдады. Өткенде ол жігіттермен кездестім. Ол жігіттер қәзіргі апаттық жағдайдағы үйде 21 адам тұрып жатыр. 2019 жылы олардың сұрақтары шешіледі. 3 шағын ауданда 46 апатты үй бар. олардың орнына құрлысшылар көп қабатты үй салғылары келеді. Ол мүмкін емес. Осы мәселе бойынша құрылысқа қатысы бар мекеме басшыларымен жиналыс өткізіп, ақылдасқан болатынбыз. Себебі инженерлік шүйе көтермейді. Сондықтан келер жылы тамыз айында қаржысын бөліп, 5 қабатты үйлер салынатын болады.

Архитектураға байланысты бұрын Жаңаөзен қаласында және облыстық архитектурада қызмет жасаған архитектор жігіттібосаған орынға жұмысқа алдым. Себебі тәжірибесі бар. Бұрын градосовет деген болған.«ГРАДО» компаниясын шақырғанмын. Бұрын 2012 жылы қаланың бас жоспарын жасаған болатын. Кәзір бас жоспардан біраз ауытқулар бар.Енді біз бас жоспарға өзгеріс енгізейін десек, 4-5 жыл уақыт кетеді екен. Сондықтан «актуализация к пдп и ген плану» деп, ары қарай жұмысты жалғастырғымыз келіп отыр.

Қоғамдық кеңестің экономика және бюджет комиссия төрағасы Ж. Сүйіндіков –Қаланың теңіз жағалауындағы біраз жыл бұрые салынған әр түрлі ғимараттардың сыртқы көріністері, кейбірлерінің ішкі жағының көріністері де жағымсыз. Ғимараттардың сыртын және ішін дұрыстап әдемілеп, қәзіргі заман талабына сай жасасын деген талап қойылу керек, қала әкімшілігі мен архитектура бөлімі бірігіп жұмыс жасалып, жөнге келтірілуікерек. Тағы айта кететін жайыт, сол теңіз жағалауының түнгі уақыттан бастап, таң шамасындаадамдардың тәртіп бұзып, көшені басына көтеріп, шулап жүретіндігі. Ол кезде андағы тәртіп сақшылары ұйықтап жатады. Осыны бір қолға алып, бақылау жасалса дейміз. Қоғамдық кеңес атынан осындай ұсыныс берсек?

Қоғамдық кеңес төрағасы С. Қырымқұлов – Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан қолдады.

Қоғамдық кеңес мүшесі М. Қосымбай - 1. Кейбір сауда үйлерінің алдында адам жүретін тратуар жоқ. Тратуарды парковкаға қосып жіберген. Мысалы: 8 шағын аудан соттың алды , 11 шағын аудан «Мебель» сауда үйі, 26 шағын аудан мешіттің қасындағы «Отырар» бизнес орталығының алды т.б. адам көп жүретін жерлер. Осы қаншалықты заңды? Мұны кім қадағалайды?

2. Тағы бір мәселе бұл ботаникалық бақ. Кезінде ол жерде үлкен әдемі ботаникалық қалашық болады деген еді. Соны қолға алсаңыздар құба-құп болар еді.

3. Мәселе бұл қаладағы бой көтеріп, салынып жатырған жаңа үйлер құр бірдей қорапшалар секілді дегені рас. Ақтау қаласының сейсмологиялық жағдайына қарай, үйлердің арнайы орналасутәртібі сақталу керек. Себебі қаланың ылғалды ауасына байланысты үйлердің арасынан жел өтіп, кеуіп тұруы тиіс. Осыған мән беріп жатқан адам жоқ.

Қоғамдық кеңес мүшесі Р. Маханбетова- Менің сұрағым КСК-ге байланысты. Қала әкімін күнде кездестіре бермейміз, сондықтан, шағын аудан ішін, аулаларды өркендету, жасыл желектер егу т.б. ҮЕҰ-дарды көптеп жұмысқа тартып, әртүрлі конкурстар ұйымдастырылса деген ұсынысым бар.

Ботаникалық бақ директоры А. Иманбаева – 34-ші шағын аудандағы ботаникалық бақтың бойынша айтарым, бұл жер бұрынғы 10-шы шағын аудандағы алынып кеткен жерге берілген конпенсация есебінде. Бізде жұмыс жоспарымыз бар. Қоршау жұмысын бітіріп, 4 гектар жерге егін салдық. Бірақ, біз маман ретінде айтарымыз көп нәрсеге көңіліміз толмай жатады. Қалада егілетін ағаштарға байланысты делдалды карта жасалуы керек. Ол болмай ағаштар көгеріп, өсіп тұруы екі талай. Сонымен қатар ағаштарды отырғызу ансамблі, парк алеясы деген болады. Олар ағаштардың бір біріне үйлесуі. Ал, бізде қалай болса солай еге береді. Топрағын, суаруын зерттеп барып егу керек. Водавозбен суару деген дұрыс емес. Оданда су құбырларын орнатып, суарған пайдалырақ. КСК-лардың назарына үйдің алдына ағаш отырғызарда абай болуы керек. Көп жылдық, тамыры тереңге кететін ағаш тамырлары газ, су құбырларын тесіпнемесе жарып жіберуі мүмкін.

Қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі С. Трұмов- Біздің қаланың бюджеті 30 млрд. ал Атырау облысында 70 млрд. Теңге бөлінеді. Бақтарды суару Ақтау үшін проблема. Мынадай ыстық ауасымен, желімен қиын. Ауладағы спорт площадкалар қаржыландырылмайды. Сондықтан экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы осы мәселелерді бюджетте қарастырып, керегінше қаржы қарастыру керек. Қаланы, өңірді көгалдандырып, көркейтіп, күтіп ұстау үшін және де басқада жұмыстарға пайдалану үшін. Қоғамдық кеңес атынан облыстың бюджетін көбейту үшін ұсыныс жасайық?

Қоғамдық кеңес төрағасы С. Қырымқұлов – Қоғамдық кеңес мүшелері бір ауыздан қолдады.

Ақтау қаласының әкімі Ғ. Ниязов – Биыл қалаға бөлінгені 21 млрд. теңге. Оның 10-11млрд. білім саласына бөлінді. Балабақшалар мәселесін шешу бағытында жұмсалды.Ал қалғаны мектептерге кетеді. Жалпы қаланы толық өркендетіп, барлық шығындарын өтеу үшін 55 млрд. қаражат керек етеді екен. Бюджеттен осындай ақша бөлінетін болса, қала өзімен өзі-ақ дамып кетер еді.

Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы М. Әлібекованың қосымша ұсынысы –Ол үшін уақытылы керекті көлемде қаланың бюджетін қорғап шығу керек, қала әкімі өз проектілерін ұсыну керек.

Қоғамдық кеңес мүшесі Е. Сәрсембаев - «Ақтау қаласы бойынша салынып жатқан жаңа шағын аудандардың инфрақұрылым және әлеуметтік нысандармен қамтылу жайы туралы» Қоғамдық кеңесте көтеріліп, шешімін таппай отырғанбірден-бір проблема «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, қаланың әлеуметтік нысандары және жобаланатын тұрғын нысандарында Интернет желісіне қосу қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша мәселені ескеруіңізді сұраймын. Бағдарламаның негізгі мақсаты -Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі және цифрлық экожүйесінің үдемелі дамуы арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Қазақстан Республикасының Президенті коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету керек екенін, сонымен қатар денсаулық сақтаудағы және білім беруде цифрлық сервистерді белгіледі.

Бағдарламаның негізгі бағытын жүзеге асыру үшін жобаланатын нысандарында интернетке қосу техникалық мүмкіндігінің бар болуын қамтамасыз ету қажет, яғни нысанның жобасын дайындау кезеңінде алдын-ала техникалық мүмкіндігін қарастыру қажет.

Қоғамдық кеңес хатшысы Ж. Алиева – Қараша айында қоғамдық кеңеске «Қала жолдары» ЖШС-нен ұжымдық арыз түскен. Ол серіктестікте 800 адам қызмет атқаруда. Олардың ішінде Жаңаөзеннен – 57 адам, Бейнеуден – 50 адам, Қарақиядан – 13 адам, «Жаңа серпін»бағдарламасымен вахталық негізде және Мұнайлы ауданынан қатынап, көп балалы аналар мен жеңіл топтағы мүгедектер еңбек етеді. 15 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан коммуналдық мекеменің жұмысы басқа коммерциялық жеке мекеме қарамағына өтсе, ол 800 адамды жұмыспен қамти алады ма? Әрі сапалы қызмет көрсете ме? Және жеке меншік мекеменің көрсеткен қызметіне халықтың көңілі толмаса, сапалы жұмысты жеке меншіктен талап етуіміз қиындау болып қалмайды ма?

Ақтау қаласының әкімі Ғ. Ниязов - Ия. Мұндай мәселе бар. Бүгінгі таңда қаланың санитарлық тазалығын уақытылы және сапалы жүргізілуін 800 адам қамтамасыз етуде. Ақтау қаласы бойынша жұмыссыздықты және әлеуметтік шиеленістерді туындырмау мақсатында «Қала жолдары»ЖШС-ның облыстық қоғамдық кеңеске 05.12.2018 ж. жолданған ұжымдық хаты негізінде, оң шешілгенін қалаймыз.

Қоғамдық кеңес мүшесі О. Әбділов – Ақтау қаласының 12 және 13 шағын аудан арасындағы жолдың бойында 3 үлкен бизнес орталық пен мекеме офисі, авто тұрақ бар. Ал, сол жолда тіке екі жолақ сызылған, (разворот)айналып шығып кетуге болмайды. Сол жолдың жолақтарын айналып, бұрылып, көлік ыңғайына қарай өзгерту мәселесін қарауды ұсынамын.

Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесі аталған мәселелерді тыңдап, талқылай келе ШЕШІМ етті:

1.«Ақтау қаласы бойынша салынып жатқан жаңа шағын аудандардың инфрақұрылым және әлеуметтік нысандармен қамтылу жайы туралы» Ақтау қаласы әкімінің есебі бойынша баяндамасы қаперге алынсын;

2. Ақтау қаласының әкіміне:

2.1. Ақтау қаласы (44 жыл бұрын) 1975 жылы Халықаралық архитектура одағының ұйғарымыменен 53 мемлекеттің ішінен Патрик АберкромбидіңПремиясына ие болғанын ескере отырып, кәзіргі қаламыздың архитектурасы заман талабына сай емес екеніне мән беріліп, бүгінгі күнгі XXI ғасыр архитектуралық шешімдерден кем болмауы алға қойылып, қала құрылысын жоспарлау барысында облыс немесе қала әкімінің жанынан айрықша мамандандырылған комиссия құрылсын;

2.2. Шағын аудандар ішіндегі тратуар мен көлік жүретін жолдар өте нашар жағдайда болуына байланысты жыл сайын 4-5 шағын ауданға шұғыл түрде жөндеу жұмыстарын жүргізу, облысты, қаланы, өңірді көгалдандырып, көркейтіп, күтіп ұстау үшін бюджетті керегінше көтеріп, көбейту ұсынылсын;

2.3. Теңіз жағалауындағы 1 шағын ауданнан Самалға дейінгі аралықтағы теңіз жағалауының қайта жаңартылып, жасалуына байланысты 1-ші шағын ауданнан 9- шы шағын аудан аралығында осыған дейін салынған нысандар кәзіргі заман талабына сай келмеуіне байланысты, ғимарат иелеріне, нысандардың сыртқы фосадтарына, аулаларына архитектуралық заман талабына сай, қалыпқа келтіріп, жөндеу жұмыстарын атқару керек деген талап қойылсын;

2.4. Теңіз жағалауын әрі қарай аббатандыру мақсатында 15 шағын ауданнан бастап Приморский елді мекені (Солдатский пляж) аралығындағы орналасқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарылу бойынша қала әкімшілігі тарапынан заң шеңберінде шыққан қаулыларды қолдау және оны әрі қарай жалғастыру;

2.5. Жағалаудағы полиция бекеттеріндегі тәртіп сақшылары міндетті қызметін атқарып, тыныштықты сақтауды қамтамасыз етілу Ақтау қаласының әкімшілігінің жоғары деңгейдегі бақылауына алынсын;

2.6.15-ші шағын аудан мен Самал шағын аудандарының жол проектілерін қайта қарап, жаңадан салынған алаңда көліктің көп шоғырлануын ескере отырып және 12 мен 13 шағын аудан арасындағы жолдың бойындаүлкен бизнес орталықтарының шоғырлануына байланысты жолдың керекті жерінебұрылыс жолақтары қойылсын;

2.8. Белгілі бір жер учаскесінің нысаналы мақсатын көпқабатты үйлер салуға және пайдалануға өзгертетін жағдайда жер иесі, әкімшілік қызметкерлермен және коммуналдық мекемелердің (КЖСА, АУЭС, МАЭК-ҚазАтомӨндіріс) қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізілсін;

2.9. Қала бойынша өз қаражатына салып жатқан көп қабатты тұрғын үйлерге қаржы салғаназаматтардың наразылығын тудырмаудың және алдын-алу мақсатында, салынып жатқан құрылыстардың заңдылығын жүйелі түрде қала әкімдігінің қызметкерлерімен тексеріс жүргізілсін және БАҚ-да жариялансын;

2.10. 2018 жылы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі мекемесінің жұмысына қала тұрғындарының арыз-шағымы көптеп түсуіне байланысты қаладағы жасыл-желектерді, талдарды егу, суару, күтіп ұстауды түбегейлі шешу және жауапкершілігімен сапалылығын күшейту мақсатында мемлекеттік жеке әріптестік арқылы 1 компанияға 5 жыл мерзімге беру жолдарын қарастыру;

2.11. «КЖСА» МКК мекемесінің инженерлік желілерінің тозығы жетуіне және соңғы уақытта осы желілердің жие істен шығуына байланысты орын алып отырған ақауларды уақытылы жедел түрде қалпына келтіру үшін қала әкімдігінің меншігіне беру бойынша ұсыныс жасау және оны оңтайландыру үшін жеке инвестициялар тарту;

2.12. Көпқабатты үйлердің алдыңғы алаңын табиғи желдету мақсатында, қалада жаңа тұрғызылатын тұрғын үй эскизі жасақталарда, белгілі бір аралықта арка қарастырылсын;

3. Маңғыстау облысының әкіміне:

3.1. Шағын аудандар ішіндегі тратуар мен көлік жүретін жолдар өте нашар жағдайда болуына байланысты жыл сайын 4-5 шағын ауданға шұғыл түрде жөндеу жұмыстарын жүргізу, облысты, қаланы, өңірді көгалдандырып, көркейтіп, күтіп ұстау үшін бюджетті керегінше көтеріп, көбейту ұсынылсын;

3.2. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, тұрғындардың сапалық электрондық қызметтерді пайдалану үшін, қаланың әлеуметтік нысандары және жобаланатын тұрғын үй нысандарында интернет желісіне қосу қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша мәселені ескере отырып, жобалық сметалық құжатқа байланыс, интернет желілерді жүргізетін орындарын белгілеп, көрсету керектігін өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймыз;

3.3. Бүгінгі таңда қаланың санитарлық тазалығын уақытылы және сапалы жүргізілуін 800 адам қамтамасыз етіп, Ақтау қаласы бойынша жұмыссыздықты және әлеуметтік шиеленістерді тудырмау мақсатында қала жолдары ЖШС-не бұрын жасап келе жатқан қызметтерін бір көзден беру, осы мекемені қала әкімдігіне қарасты коммуналдық мекеме етіп қалдыруды ұсынамыз;

3.4. 14 шағын аудандағы Астана сауда орталығы жанында орналасқан медициналықғимаратының орнына, қала тұрғындарының сұрауы бойынша аббатандыру жұмыстарын жүргізу үшін жерді мемлекттік меншікке сот арқылы қайтару жұмыстары жасалсын;

3.5. Қаланың қарқынды өсуіне байланысты мемлекет басшысының жаңа жобаларын қолдау (7-20-25 және Нұрлы Жер бағдарламасы) және Ақтау қаласының ҚР Үкіметінің 05.09.2012ж. № 1147 қаулысымен бекітілген қолданыстағы бас жоспарының биіктік нүктелері, бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының нүктелеріне сәйкес келмейді және бас жоспарға сәйкес өндірістік аймақ ретінде қарастырылған жер учаскелеріне тым жақын аймақта тұрғын үй құрылыстары салынған. Сонымен қатар, қала тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін агроиндустриялды аймақты Бас жоспарға енгізу және қала аумағынан жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелерін алуға бірнеше мыңдаған адам кезекте тұрғанына қарамастан, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін бос жер учаскелері қарастырылмаған.Аталған мәселелер қаланың қарқынды дамуына үлкен кедергі келтіріп отырғандығын ескере отырып, бүгінгі күніқаланың Бас жоспарын жәнеегжей-тегжейлі жоспарлау жобасының құрамындағы бірыңғай сәулет стилін жасақтауды қажеттілігі туындауда. Жоғарыда аталғандарды ескере отырыпБас жоспарды және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын өзектендіру;

3.6. Қала бойынша электр энергиясының таршылығын шешу үшін және оны үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында АУЭС мекемесі арқылы 63 мВт тоқ күшін беретін подстанцияларын салуға (сметалық құны 9236 млн.тг) инвестор тарту жолдарын қарастыру;

4. Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңес комиссия төрағаларына: Жоғарыда аталған мәселелердің орындалысын бақылауға алу тапсырылсын.

5. Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңес хатшысы Ж. Алиеваға: Хаттаманың орындалысы және интернет ресурстарда жариялануы қамтамасыз етілсін.

Қоғамдық кеңес төрағасы:С. Қырымқұлов

Қоғамдық кеңес хатшысы: Ж. Алиева